Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23585 материал табылды

Экономика • 08 Желтоқсан, 2022

Fitch растады

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер. Агенттік сарапшыларының пікіріне қарағанда, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді. Сондай-ақ ірі фис­калды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берген.

Білім • 08 Желтоқсан, 2022

Тарихы терең, білімі берен

Жоғары оқу орны, театр, музей, кітапхана – елдің елдік мәдени өрісінің көрінісі. Ұлт мақтанышы. «Отырар кітапханасы» десек, есімізге орта ғасырлар тарихы оралады. Оның Александрия кітапханасынан кейінгі орында күллі адамзаттық құндылыққа айналғанын бірден пайымдаймыз. Ортағасырлық ғылым, білімнің көрігіне айналғанына жан тартып қуанамыз.

Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022

Аңызға бергісіз ғұмыр

Қазақта мына дүниенің өтпелі екендігін білдіретін «Бес күндік жалған өмір» деген сөз бар. Жас кезімізде бұл сөздің мән-мағынасына онша тереңдей қоймағанбыз. Кейінгі екі-үш жылда алдымыздағы ағаларымыз, бірге жүрген достарымыз, әріптестеріміз бақилық болғанда бұл сөзді өзіміз де қолдана бастадық. Жоғары мектептің көрнекті ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайыновтың о дүниелік болғаны туралы жайсыз хабарды естігенде шынымен жалған өмірде тіршілік кешіп жүргендей сезіндік. Өйткені төрт-бес күн бұрын ғана ұялы телефон арқылы хабарласып, бір мәселе бойынша ақылдасып едік. Сонда дауысы жарқын, ашық болатын, еш аурудың ізі байқалмай тұрды. Ол биыл көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді.

Президент • 07 Желтоқсан, 2022

Президент құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Елдік ниет

Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұр­ғындарына «Amanat» партиясы­нан кезекті гумани­тар­­лық көмек жі­беріл­ді. Бұл – 200 жылытқыш, 400 жылы көрпе, 100 батарея және басқа да қажетті заттар.

Саясат • 07 Желтоқсан, 2022

Заң жобасы қаралды

Сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік жастар сая­саты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заң жобасын талқылады.

Саясат • 07 Желтоқсан, 2022

Тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар тауарларды бақылау саласына қатысты заң жобаларын қарады.

Саясат • 07 Желтоқсан, 2022

Тиімді ынтымақтастық

Парламент Сенатында Төраға орынбасары Асқар Шәкіров Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергиспен кездесті.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2022

Жеңістің бастауы – халық

Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашада өткен президенттік сайлау іс басындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық қолдау күніне айналды. Мен үшін сайлау жаңа және әділетті Қазақстан құрудың стратегиялық бағытын қолдайтын жалпыхалықтық плебисцит болды. Президент бұл бағытты Қасіретті қаңтардың қайғылы күндерінде белгіледі.

Медицина • 07 Желтоқсан, 2022

Аурудың алдын алайық!

Скрининг – дерт белгісі әлі болмаған кезде ауруды ерте кезеңде анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық медици­налық тексеру және қосымша тексеру әдістерін қамтитын іс-шаралар кеше­ні. Қала және ауыл тұрғындары ара­сын­да медициналық қызметтердің қолже­тім­ділігі тең еместігіне және ауылды жерлерде сақтандырылмаған азамат­тардың көп болуына байланысты, 20 қазан­нан бастап ауыл тұрғындары үшін профи­лактикалық тексерулердің жаңа пакеті енгізілді.