
Аймақтар • 04 Ақпан, 2020
Рудныйдағы кен алыбына заманауи тепловоз алынды
Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестінің Қашар кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің ұжымы Ресейде шығарылған қуатты жаңа өнімге ие болды. Құны 2,2 млрд теңге тұратын магистралдық тепловоз кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында сатып алынды.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2020
Геологиялық барлау: 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаның тұжырымдамасы бекітілді
Мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасын талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ, Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Қазгеология» АҚ компанияларының өкілдері қатысты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 04 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 04 Ақпан, 2020
Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны көбейді
Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың саны 20 438-ге жетті. Бір тәуліктің өзінде 3235 адам ауру жұқтырған деп тіркелген. Бұл туралы Қытай билігі хабарлады.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2020
Қазақстанда былтыр 50 мыңнан аса автокөлік шығарылды
Елімізде бүгінгі таңда автомобиль жасау жалпы машина жасау саласы ішінде ең жоғары өсім көрсетіп отыр. Өткен 2019 жылы республика бойынша 359,5 млрд теңгеге 50 мыңнан астам көлік құралы шығарылды. Өндіріс өсімі 62,5% құрады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 04 Ақпан, 2020
Мектептердің 93%-ы интернет желісіне қосылған - Асқар Жұмағалиев
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Білім беруді цифрландыру» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Үкімет • 04 Ақпан, 2020
А. Жұмағалиев: Халықтың 97 %-ы кеңжолақты интернетпен қамтылады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
100 • 04 Ақпан, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: Абайдың жаңадан табылған қолжазбалары
«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа айдардың кезекті материалын назарларыңызға ұсынамыз. «Абайдың жаңадан табылған қолжазбалары» мақаласы 1954 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №58 санына шыққан.
Медицина • 04 Ақпан, 2020
«Медициналық бақылауда 33 адам қалды»: ҚХР-дан келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатыр
ҚХР-мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Мәселен, 2020 жылдың 6 қаңтарынан 4 ақпан аралығында елімізге 30 мың 2 адам келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 04 Ақпан, 2020
Қазақстан «C5+1» министрлік кездесуіне қатысты
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «С5+1» министрлік кездесуіне қатысты. Бұл форматқа, сондай-ақ, Түрікменстанның вице-премьері – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.