
Технология • 07 Ақпан, 2020
Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі қазақ тілді математика сайтын жасап шығарды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаровтың мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап жасап шыққан сайты Қазнетте танымалдылыққа ие болды. Бір айдың ішінде жүйеге 23 000 белсенді қолданушы тіркеліп, олар контент мазмұны мен қолжетімділігіне жоғары баға беруде.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2020
OneWeb спутниктері бар «Союз 2.1б» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 03:42-де Байқоңыр ғарыш айлағының «Союз» ЗТ старттық кешеніндегі 31-ші алаңнан OneWeb ғарыш аппараттары «Союз 2.1б» зымыран тасығышымен сәтті ұшырылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 07 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады
Президент «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 07 Ақпан, 2020
Димаш Құдайберген жаңа фильмге саундтректің үзіндісін жариялады
Белгілі әнші Димаш Құдайберген жуырда «Creators: the past» фильмі саундтрегінің әлемдік таныстырылымы өтетінін хабарлады.
Қоғам • 07 Ақпан, 2020
Оқушылар ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барды
Ақтөбедегі 11 мектептің 200-ге жуық жоғары сынып оқушысы ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барып қайтты. Аталған экскурсияны жастарға кәсіби бағдарлы жұмыстар мен әскери-патриоттық тәрбие беру аясында әскери қызметшілер өткізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 07 Ақпан, 2020
Алғаш коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды
Коронавирустың өршуі туралы алдын ала ескерту жасаған қытайлық дәрігер қайтыс болды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Үкімет • 07 Ақпан, 2020
Асқар Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 07 Ақпан, 2020
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырма берді
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қызметтің басым бағыттарын іске асыру мәселелері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2020
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылады
Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін дайындау жұмысы аяқталды. Аталған ақпараттық жүйе биылдан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналында жариялады.
Парламент • 07 Ақпан, 2020
Н. Нығматулин: Заң жобалары еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Онда депутаттар назарына бірқатар ратификациялық құжаттар ұсынылмақ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.