Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23601 материал табылды

Әлем • 25 Қараша, 2020

Байден формуласы

Әлемде қараша айындағы басты оқиғаның бірі – АҚШ-тағы президенттік сайлау екені анық. Мұхиттың арғы бетіндегі дауыс беру кезінде Джо Байден жеңіске жетті. Енді ол алдағы қаңтардан бастап Ақ үйдің қожа­сына айналады. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы мәселе кеңінен талқыланады. НАТО-ның Бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында Байденнің сыртқы саясаттағы ұстанымы туралы әңгіме қозғайды. Оның пайымдауынша, Байденнің сайлауда жеңіске жетуі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем халқы үшін де жақсы жаңалық. Өйткені жаңа президент бұған дейін Трамп әкімшілігі кезінде жіберілген қателіктерді түзетіп, жаһандық мәселеге мол үлес қосады деп есептейді. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Босниядағы мәселе төңірегінде ой қозғайды. Аталған елдегі қарулы қақтығысты аяқтау жөніндегі Дейтон келісіміне қол қойылған кезде мақала авторы келіссөздерге белсене араласқан болатын. Осылайша, К.Билдт өзінің бастан өткізген оқиғаларымен бөлісе отыра, бейбітшілікті сақтаудың маңызына тоқталады. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау ісіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.  

Әдебиет • 25 Қараша, 2020

...Өзі де іші құдықтай терең адам

Қазаққа осы тұйғын шалды бермегенде қайтер едік? Кісі қартайғанда құсқа ұқсайды. Жауырыны шығып, тұмсығы ұзарып, көзі шүңірейеді. Жер үйінің балконында тұйғын құсап тұқиып отырғанын көріп едім. Осы кісіні көрген сайын қан тамырларымды бір ыстық от қуалап өтеді. Қазаққа Әбді-Жәмил Нұрпейісов те бірдей, Олжас Сүлейменов те бірдей. Араларындағы интрига кейде арнайы қойылымға ұқсап кетеді. Тұлғалар арасындағы тірес, «құдайлар арасындағы күрес» емес. Алатаудың Кеңсаймен бітетін биіктері одан аласара да қоймас. Қазір ондай интрига да жоқ. Үлкен жиындарда бұрынғыдай спектакльдер де қойылмайды. Себебі, басты рөлдерде ойнайтын күрделі характерлі тұлғалар келмеске кеткен.

Аймақтар • 24 Қараша, 2020

"АтырауМұнайМаш" компаниясында мұнай-сервистік жабдық өндіретін жаңа цех іске қосылды

Зауытты жаңғырту 2020 жылдың екінші жартыжылдықтың соңында аяқталды, бүгінде кәсіпорын мұнай-химия, мұнай-газ, жылу-энергетика, бұрғылау, ауаны салқындату және кешенді техникалық жабдықтарды табысты іске қосып, шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 24 Қараша, 2020

Алматыда 600 мың адам 42 500 теңге алған

Карантинге байланысты Алматыда 600 мыңнан астам тұрғын 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алған. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тарих • 24 Қараша, 2020

Қазақстандық партизандардың ерлігі

Неміс-фашист басқыншыларына қарсы Кеңес халқының қаhармандық күресі тек майдан даласында ғана емес, жау тылында да жүріп жатты. Жауынгерлермен қатар партизандардың да қосқан ерлігі ерен.

Руханият • 24 Қараша, 2020

Аманатқа адалдық

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде із-түзсіз кеткен қазақстандық сарбаздардың жерленген орындарын анықтап, мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен жүйелі айналысатын әрі олардың тарихи қаһармандық жолын ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында нәтижелі еңбек етіп жатқан Қазақстан аумағындағы бірден-бір ұйым. Алғаш рет 2019 жылдың күзінде Қорғаныс министрлігінің атсалысуымен Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдер елшілерінің қатысуымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің тұсаукесері өткен болатын.

Тарих • 24 Қараша, 2020

Көкшелік Алаш тұлғалары

Еліміздің өткенін жаңғырту – әр азаматтың қасиетті борышы. Қазір мамандарға тарихты шынайы қалпына келтіру міндеті қойылып отыр. Халықтың ұлттық сана-сезімін оятуда, оның рухани жаңғыруында ел үшін еңбек еткен ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметін ғылыми тұрғыда талдап, түсіндірудің қажеттілігі өте зор. Осындай тұлғалардың қатарында «Алаш» қозғалысының қайраткерлері де бар.

Технология • 24 Қараша, 2020

Фишингтен сақтану – киберсауат негізі

Қазіргі таңда кең таралған құқықбұзушылықтың бір түрі – интер­неттегі алаяқтық. Жалпы алаяқтық әрекеттердің 37%-ы интернет арқылы жасалады. Ішкі істер органдары 2020 жылы республика бойынша интернеттегі алаяқтық және басқа да желілік қылмыстарға қатысты 1 700 іс ашып, 400-ге жуық адамды ұстады. Соңғы үш жылда 4 мыңнан 8 мыңға дейін интернет алаяқ­тығы фактілері тіркелген.

Медицина • 24 Қараша, 2020

Жас дәрігерлер індетпен қалай күресті?

Биыл медицина мамандығын бітіріп, қолына дипломын алған біраз жас маманның еңбек жолы пандемияның шарықтауымен тұспа-тұс келді. Жаспын деп қысылып-қымтырылып тұрудың тіпті реті жоқ. Індет жас-кәріге қарамай баудай түсірген бетте алдыңғы шепке осы жастар шықты.

Қоғам • 24 Қараша, 2020

Ақпараттан «уланғанды» кім емдейді?

Дәріден уланғанды дәрігер емдейді, ал ақпараттан «уланғанды» кім емдейді? Ақпараттық вакцина, ақпараттық иммунитет сынды тың сөз тіркестері де бүгінде қолданысқа ене бастады. Иә, беті аулақ, коронавирустың екінші толқыны бастала қалған жағдайда инфодемияның, яғни жалған, ел арасында үрей тудыратын ақпараттардың көптеп таралуы да ғажап емес. Олай дейтініміз, алғашқы толқында инфодемияның орын алғаны мәлім. Жалған мен шынайы ақпараттарды ажырата алмай қалған немесе оны зерттеп-зерделеп отыруға мұршасы жоқ адам дәрігерлердің кеңесіне құлақ аса қоймайды. Ал бұл бәрінен де қауіпті. Ендеше, инфодемияның екінші толқынына ақпарат құралдары, оның ішінде журналистер дайын ба?