
Саясат • 26 Қараша, 2020
Небраска назарында – Қазақстан
Global AgConnect ірі онлайн іс-шарасы барысында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Іс-шараны Небраска штатының (АҚШ) Экономикалық даму департаменті және Valley Irrigation компаниясы ұйымдастырды.
Қоғам • 26 Қараша, 2020
Нұр-Сұлтан қаласындағы Т.Айбергенов атындағы №16 мектептің мұғалімі Елизавета Шнайдермен танысқанымызда, оның қазақша мүлтіксіз сөйлегеніне таңырқағанымыз рас.
Президент • 26 Қараша, 2020
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті съезд делегаттары! Партиямыздың ХХ съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға.
Қоғам • 26 Қараша, 2020
Кесілген ағаштың сұрауы кімнен?
Алматыда талдарды заңсыз кесу фактілері анықталып, бұл әлеуметтік желіде шу тудырды. Нақтырақ айтсақ, қарашаның 21-інен 22-сіне қараған түні Төле би мен Әуезов көшелері қиылысында өсіп тұрған 13 түп ағаш кесілген. Оның тоғызы емен болса, екеуі – қарағаш. Ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Оқиға • 25 Қараша, 2020
Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу»
Шымкент қаласының №24 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары үшін түрлі дәуірдегі жауынгерлер мүсіндерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға экспонаттарды отставкадағы подполковник Арман Ахашов ұсынды.
Қоғам • 25 Қараша, 2020
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, жыл сайын газ баллон қондырғылары жарылысының 30-ға жуық оқиғасы тіркеледі, бұл ретте шамамен 10 адам қаза табады және 50-ге жуық адам жарақат алады. Мысалы, 2018 жылы – 39 жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, 68 адам зардап шекті, 2019 жылы – 27 жарылыста 10 адам қаза тапты, 41 адам зақымданды, 2020 жылғы 10 айда – 21 жарылыстың кесірінен 9 адам қаза тауып, 38 адам зардап шекті.
Оқиға • 25 Қараша, 2020
Ораз Жандосов негізін қалаған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне – 90 жыл
Отандық ауылшаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрылғанына – биыл 90 жыл. Оқу орнымыздың негізін қалаған Алаш қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың есімі біздің университет ұжымы үшін өте ерекше және оны мақтан тұтамыз. Ағартушылық салада Халық комиссары болып жүрген шағында орасан істер атқарған О.Жандосовтың тікелей ұйымдастыруымен елімізде педагогикалық, ауылшаруашылық және ветеринарлық институттармен қатар орта білім беретін бірнеше мекеме ашылды.
Саясат • 25 Қараша, 2020
Бизнестің жағдайын жақсарту шаралары қарастырылды
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар өкілдері қатысқан кездесулер легі жалғасты, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Саясат • 25 Қараша, 2020
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Әлем • 25 Қараша, 2020
Босниядағы соғыс пен бейбітшілік
Әлемде қараша айындағы басты оқиғаның бірі – АҚШ-тағы президенттік сайлау екені анық. Мұхиттың арғы бетіндегі дауыс беру кезінде Джо Байден жеңіске жетті. Енді ол алдағы қаңтардан бастап Ақ үйдің қожасына айналады. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы мәселе кеңінен талқыланады. НАТО-ның Бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында Байденнің сыртқы саясаттағы ұстанымы туралы әңгіме қозғайды. Оның пайымдауынша, Байденнің сайлауда жеңіске жетуі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем халқы үшін де жақсы жаңалық. Өйткені жаңа президент бұған дейін Трамп әкімшілігі кезінде жіберілген қателіктерді түзетіп, жаһандық мәселеге мол үлес қосады деп есептейді. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Босниядағы мәселе төңірегінде ой қозғайды. Аталған елдегі қарулы қақтығысты аяқтау жөніндегі Дейтон келісіміне қол қойылған кезде мақала авторы келіссөздерге белсене араласқан болатын. Осылайша, К.Билдт өзінің бастан өткізген оқиғаларымен бөлісе отыра, бейбітшілікті сақтаудың маңызына тоқталады. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау ісіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.