
Әлем • 23 Желтоқсан, 2020
СТЭНФОРД. АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байденнің таяуда ғана зейнетке шыққан «төрт жұлдызды» генерал Ллоид Остинді Қорғаныс министрі ретінде көргісі келетіні көп нәрсені аңғартады. Яғни келер жылдың 20 қаңтарынан бастап Америка бұрынғы арнасына түседі, достарын жазалап, жауларын марапаттаудың жолын іздеуді доғарады. Бұл өзгерісті әлемге түсіндіру үшін Байден Ақүйге орналасқан соң, президент Дональд Трамптың биылғы шілдеде АҚШ-тың 12 мың сарбазын Германиядан шығару жөніндегі шешімін жоюы тиіс.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2020
Өлеңнің серті кетіп, дерті қалса...
Поэзия деген не десе, бір сөзбен айт десе, поэзия деген серт дер едім. Бұған біреулер «Көркемдік ше, көркемдік?» деп таласа кетуі мүмкін. Ал мен оларға: «Ант пен серттен асқан қандай көркемдік бар?!» деп айтар едім. Ант пен серт жүректен шығады, сондықтан да ол көркем болады. «Құран ұстап ант еттім», «Семсер ұстап серт еттім» дегендей сөздер содан қалған жоқ па. Ант пен сертте жалғандық та болмайды емес пе.
Тарих • 23 Желтоқсан, 2020
Дүниені дүр сілкіндірген ХХ ғасыр қанды соғыстармен қатар, хас батырлар мен даңқты қолбасшыларды да дүниеге әкелді. Осындай ардақты тұлғалардың арасында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биыл энциклопедист-ғалым, ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жарияланып, оны дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Қабылданған жоспар бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлерде сан алуан іс-шаралар өтті.
Абай • 21 Желтоқсан, 2020
Жер жүзіндегі әр ұлттың, әр мемлекеттің өздері үшін теңдесі жоқ межелі де мерейлі белестері бар. Келесі жылы қазақ елінің ұзақ уақыт бойы аңсаған тәуелсіздігін алып, дамудың жаңа даңғылына түскеніне 30 жыл толады. Осы айтулы кезеңнің не бойында халқымыздың тарихында қадау-қадау із қалдырған торқалы тұстар, салтанатты сәттер болды. Соның ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығы» – Абай Құнанбайұлын ұлықтауға әр кез аса үлкен мән-мағына жүктеліп келгені белгілі. Егемендігіміздің ширек ғасырдан астам мерзімі ішінде ХІХ ғасырда к рсеткен негесі ХХІ ғасырдың өркениетіне шашауы шықпастан кіріккен ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абайдың мұрасы руханиятымызға қапысыз қызмет етті. Халық пен билік мүддесі ұштасып, Ұлы дала данышпанының 150 жылдығы тәуелсіздіктің елең-алаң шағында қаржылық және тағы басқа қыруар қиыншылықтарға қарамастан, ал 175 жылдығы кемелденген елдік бірлігіміз бен берекеміздің аясында, күллі әлемді жайлаған пандемияның кедергісіне дес берместен, республикалық және халықаралық деңгейде абыроймен аталып өтті.
Абай • 21 Желтоқсан, 2020
Бішкекте Абайға құрмет көрсетілді
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Бішкек қаласында қазақ-қырғыз бауырластығын бекемдеген және ұлы ақын Абайға құрмет көрсетілген үлкен оқиға болды. Қырғыз Республикасының А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапханасында Абай Құнанбайұлы атындағы Қырғыз-Қазақ мәдени орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020
Әлеуметтің әлеуеті артып келеді
Әлемді әбігерге салған індет еліміздің де шекарасын айналып өтпегені анық. Сол себепті әлеуметтік саладағы жұмыстар да өзгеше сипат алды. Неге десеңіз, осы уақытқа дейінгі жоспарланған түрлі жобалар, мақсаттар мен идеялар тұралап қалды.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған асыл мұраты, Жаратқанның сыйы. Тәуелсіздікке жету қандай маңызды болса, оны сақтап қалу да соғұрлым ерік-жігерді қажет етеді. Ел жастары мұны жете түсінуі керек.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020
Қазақ еңбекқор жұртқа айналуы тиіс
Биылғы, ежелден күрделі болып келетін кібісе жылы күллі адамзаттың басына бұрын-соңды болмаған, үлкен ауыртпалық түсірген пандемия басталған кезде бәріміз де абдырап қалғанымыз рас.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020
Ауыл баласы көштен қалып қоймаса екен
Қосымша білім беру балалардың шығармашылық қабілетін шыңдай отырып, бос уақытын тиімді пайдалануына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай сабақтар оқушылардың ой-өрісін дамытуға, таным көкжиегін кеңейтуге, шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға оң ықпал етеді. Бүгінде еліміздің тұс-тұсында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды қолға алына бастады. Бұған, әлбетте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында үйірме жұмыстарына ерекше екпін бергені септігін тигізіп жатыр.