Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23604 материал табылды

Оқиға • 28 Желтоқсан, 2020

Отбасы туралы ұлттық баяндама

«Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасының жобасы сараптамалық талқылаудан өтті. Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының отбасы институты зерттеу орталығымен бірлесіп әзірледі.

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2020

Ескі және жаңа журналистика: газеттегі өмір мектебі

Ник Филдинг «Sunday Times» газетінде аға репортер және «Mail on Sunday» газетінде бас репортер болған. Британиялық жазушы, журналист Оксфорд университетінің профессоры қызметін де атқарған.

Білім • 25 Желтоқсан, 2020

Ұстаздың ұмытылмас ұлағаты

Біз бірінші сыныпқа барған заман­дағы «Әліппе» оқулығында:Менің атым – Әліппе,Мені анаңдай дәріпте.Мені оқып ержеткен,Бауыржан да, Мәлік те, – деген өлең жолдары болатын. Орта мектепті бітіріп, Алма­тыға оқуға түскенімізде есімдері санамыз­да жатталып қалған Екін­ші дүние­жү­зілік соғыстың аталған әйгілі қа­һар­ман­дарымен жақын танысып, әңгі­мелерін тың­дадық.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020

Желтоқсанның ызғарын біз де сезіндік

«Egemen Qazaqstannyń» 16 желтоқсан күнгі санында «Литермен келген...» деген тақырыппен Желтоқсан қаһармандарының сотынан түсірілген суретке қатысты мақала басылды.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздік – киелі ұғым

Ел Президенті Қасым-Жомарт То­қаев қазақстандықтарды мемлекет­тігі­міздің алтын діңгегі – Тәуелсіздік кү­німен құттықтай отырып, халқы­мыз­­дың алдағы міндеттеріне тоқталып өтті.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020

Ғылымды ілгерілету маңызды

Біздің әрбір күніміз, әрбір сағатымыз тәуелсіз болуы тиіс. Егеменді ел болғанымызға келер жылы 30 жыл толады. Бұл уақыт санамыздың, түйсігіміздің тазаруы туралы әңгімеге айналуы шарт.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020

Адам капиталы дегеніміз – білімді ұрпақ

Әлемді жайлаған пандемия Қазақстанды ғана емес, дүние жүзі елдерін теңселтіп тұр. Барлық салаға едәуір зиянын тигізді. Соның ішінде білім саласын айрықша атап өткен ләзім.

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Қазақты ерекше құрметтейтін халық немесе біздің ауылдың немістері

Кең пейілді халқымыз әуел бастан достыққа, тату көршілікке ерекше мән берген, қолындағы барын бөлісіп, ризығын асырған. Қазақтың бұл дархандығы талайлы тағдыр айдап қазақ даласын паналаған көптеген этноспен қарым-қатынасында ерекше көрініс тапқан. Бұл әсіресе еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін анық көрінді.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020

Қолжазбалар мен сирек кітаптар – ұлтымыздың құнды мұралары

Қолжазбалар мен сирек кітаптар – қай заманда да киелі құндылық, асыл қазына. Әрбір халық мәдениетінің биіктігі мен ділінің беріктігі құнды деректердің мазмұнымен, оның көркемдік сапасымен және сауаттылығымен өлшенетіні анық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп, бас­тамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шетте жатқан біраз құндылықтарымыз елге келгенімен, әлі де зерттелмегені қаншама. Мәдени мұраның жалғасы іспеттес «Архив - 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары еліміздің архив саласына үлкен бір серпін бере отырып, ұлтымыздың құнды мұраларын ғылыми деректер тұрғысынан баянды етуде қолжазбалар мен сирек кітаптардың маңызы ерекше екендігіне назар аудартты. Ежелден қазірге дейін сақталған жазба дүниелерімізді ұлықтау арқылы Біртұтас ұлтымыздың жарқын болашағын қалыптастыру – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірден-бір мақсаты болып отыр.

Әлем • 23 Желтоқсан, 2020

«Брюссель әсері» технологиялық компанияларға да тиеді

НЬЮ-ЙОРК . Еуропалық комиссия таяуда цифрлы экономикаға қатысты негізгі ережелерді таныстырып, тағы бір жаһандық стандартты іске қосты. Үлкен технологиялардың ықпалын азайтуға арналған Цифрлы қызмет акті (DSA) және Цифрлы нарық акті (DMA) Apple, Amazon, Facebook, Google және басқа да АҚШ-та орналасқан үлкен компаниялардың бизнеске ықпалын төмендетуге ұмтылады. Еуропалық одақ аталған компанияларды интернеттің күзетшілері ретінде белгілеп, олардың нарықты жау­лап алған билігінің әсерін бақылауға алуды көздейді.