21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №207

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 11 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын айқындау туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ