21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №204

287 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2016 жылғы 11 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым  жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгілеу және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квота белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №204 қаулысына қосымша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар Р/с №    Өтініш беруші (компания)    Іске асыру орны (облыс, қала)    Квота саны (адам)    Іске асыру мерзімі 1    2    3    4    5 1.    «Исан» корпорациясының Қызылорда филиалы    Қызылорда     3    2016 жыл 2.    «ROUGHTON INTERNATIONAL LIMITED» (РОУГТОН ИНТЕРНЭЙШНЭЛ ЛИМИТЕД) компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы    Қызылорда     5    2016 жыл 3.    «Swedish National Road Consulting Aktiebolag» (Сюдишь Национал Роад Консалтинг Актиболаг) жауапкершілігі шек­теулі жеке компаниясының Астана қаласындағы филиалы    Алматы     11    2016 жыл 4.    «Donsung Engineering Co., LTD» (Донгсонг инжиниринг Ко., ЛТД) акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы    Қызылорда, Алматы    18    2016 жыл 5.    «Тодини Коструциони Дженарали С.п.А.» акционерлік қоғамының Алматы филиалы    Алматы    106     2016 жыл 6.    «Сине Мидас Строй» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    Қызылорда, Алматы    123    2016 жыл 7.    «Евро-Азиатская строительная корпорация «EVRASCON» ашық акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы    Қызылорда, Оң­түстік Қазақстан, Алматы    202    2016 жыл 8.    «ОХЛ ЖС» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы филиалы    Алматы    54    2016 жыл 9.    «ДОГУШ ИНШААТ ВЕ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ «ГЮЛЬСАН ИНШААТ САНАЙИ ТУРИЗМ НАК.ВЕ ТИДЖ.» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРНЫНЫҢ филиалы    Алматы    139    2016 жыл 10    «KCC Engineering & Construction Co., Ltd» (KCC жобалау және құрылыс) акционерлік қоғамының филиалы    Жамбыл    19    2016 жыл 11    «Аккорд Окан» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі қоғамының Қазақстандағы (Қызылорда қ.) филиалы және «Строительно-Промышленная Инвестиционная Корпорация Аккорд» ашық акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалы    Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан    43    2016 жыл 12    «Sinohydro Corporation Limited» акционерлік қоғамының қазақстандық филиалы    Оңтүстік Қазақстан    204    2016 жыл 13    «Дена Рахсаз» құрылыс компаниясы» жабық типті акционерлік қоғамының өкілдігі    Оңтүстік Қазақстан    30    2016 жыл 14    «SMEC INTERNATIONAL PTY LIMITED» (СМЭК ИНТЕР­НЭШНЛ ПТИ ЛИМИТЕД) Алматы қаласындағы өкілдігі    Оңтүстік Қазақстан    5    2016 жыл 15    «Салини Коструттори С.п.А.» акционерлік қоғамының қазақстандық филиалы    Қызылорда    14    2016 жыл 16    Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы «Temelsu Uluslararası Műhendislik Hizmetleri Anonim Şirketi» (Темелсу Улусларарасы Мюхендислик Хизметлери Аноним Ширкети) акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы    Оңтүстік Қазақстан    11    2016 жыл 17    «KAZI HASAN & ASSOCIATES» (КАЗИ ХАСАН И КОРПОРАЦИЯ АССОЦИАТЕС) жеке жауапкершілігі шектеулі компаниясының Астана қаласындағы филиалы    Оңтүстік Қазақстан    1    2016 жыл 18    «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» акционерлік қоғамының Астана қаласындағы филиалы    Астана     1    2016 жыл Барлығы    989 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №204 қаулысымен бекітілген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің жобасын іске асыруға жұмылдырылған мердігер ұйымдар) 1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәліметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердiгер және қосалқы мердiгер ұйымдар үшін). 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қа­зақ­стан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады. 3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-ау­мақ­тық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.