20 Сәуір, 2016

Жапонияда зілзаладан қаза тапқандар 47 адамға жетті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016 japanАСТАНА. 20 сәуір. Жапонияның оңтүстігінде, Кюсю аралындағы Кумамота префектурасында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 47 адамға жетті. Бұл туралы world.lb.ua-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Табиғат апатынан 124 мыңнан астам адам баспаналарын тастап, қауіпсіз аймаққа қоныс аударды. Ауа температурасы түнде -8 Цельсий градусқа дейін барса да, тұрғындар далада қонуға мәжбүр болып жүр. Құтқарушылар тобы қиранды астында қалғандарды іздеу жұмыстарымен айналысуда. Мамандар зілзаланың соңы селге ұласуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Айта кетейік, 14 сәуір күні аталған аймақта магнитудасы 6,4 баллды құраған жер асты дүмпуі болды. Салдарынан ондаған ғимарат қирап, жүзге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алды. Аян Әбдуәли. Дерек: world.lb.ua. Фото: 24.kz.