20 Сәуір, 2016

Бакуде Қазақстаннан тоғыз дзюдошы бақ сынасады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 20 сәуір. 6 мамырда Әзербайжанның астанасы Баку қаласында «Grand Slam» турнирі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы сынға Қазақстанның ұлттық құрама командасынан тоғыз спортшы қатысады. Ерлер құрамында Азамат Мұқанов (66 кг), Елдос Жұмаханов (66 кг), Дастан Ықыбаев (73 кг), Дидар Хамза (73 кг), Әзиз Қалмаханұлы (81 кг), Дәулетхан Жақыпов (81 кг), Самат Есен (90 кг), Ержан Шыныкеев (100 кг), әйелдер арасында өтетін белдесуде Галбадрах Отгонцецег (48 кг) күш сынасады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz