20 Сәуір, 2016

Оңтүстік Қазақстанда 56 жастағы әйел мен 7 жасар қыз жоғалып кетті

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016-Propala ludiАСТАНА. 20 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Дәубаба ауылында 56 жастағы әйел мен 7 жасар қыз жоғалып кетті. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Дәубаба ауылында болған. Туыстарына қыдырып барған Әшіркүл Баймұратова кішкентай Инабат есімді сіңілісін ертіп, тауға қарай кештетіп серуендеп келуге шығып кеткен. Содан қайта оралмаған. «Сол күні жауын жауып тұр еді», – дейді 7 жастағы қыздың нағашы әжесі Гүлжан Тұяқова. Оның айтуынша, Әшіркүл бөле cіңілісінің үйіне жиі қыдырып келіп тұрған. Тауға шыққанды жақсы көреді екен. Бұған дейін оны Дәубаба шатқалына жол білетін ересек азаматтар алып барып жүрген. Сол күні ешкімнің қолы бос болмаған соң кешкі 18.00 шамасында «жақын жерге барып келемі» деп 1-сыныпта оқитын Инабатты ертіп кеткен. Сондай-ақ, оның туыстары: «Ымырт иірілгенше күттік, бірақ содан қайта келмеді», – дейді. Әзірге оларды көрген адам жоқ. Сол күннен бастап іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер және ерікті ауыл азаматтары да жұмылдырылған. Тіпті иіс сезгіш ит пен арнайы техникалар пайдаланылуда. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.