20 Сәуір, 2016

Каратэші Дархан Темірәлиев Грузиядан алтын жүлдемен оралды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.04.2016 AST-2 АСТАНА. 20 сәуір. Грузияның Тбилиси қаласында каратэ-до WKF-дан өткен «GEORGIA OPEN» халықаралық турнирінде Дархан Темірәлиев 55 кило салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы турнирде Даниил Титов 76 кило салмақта күміс жүлдені иеленді. Турнирге әлемнің 12 елінен 1500 каратэші қатысты. Бұған дейін Дархан Темірәлиев Польшада жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс медальді иеленген болатын. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz