20 Сәуір, 2016

Таразда Мырзатай Жолдасбеков академиялық орталығы ашылды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.04.2016 TAR-4 ТАРАЗ. 20 сәуір. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар» орталығының ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Отанының патриоты ретінде саяси-дипломатиялық жолдар арқылы Қазақстанның халықаралық беделін, мемлекеттік мүдделерін қоя білген М. Жолдасбековтың ерең еңбегін кейінгі ұрпақ біле жүрсін деген мақсатпен институтымызда игі іс жасалып отыр. Институтымызда «Мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков атындағы академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар» орталығы ашылды. Бұл орталықтың негізгі міндеті институт шет елдің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен ылғи да байланыстар орнатып, білім беру саласын кемелдендіру мәселелері бойынша серіктестік қатынастарын нығайтып отыру», деді бұл жөнінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова. Бүгінгі таңда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты алыс және жақын шетелдің 22 елінің (Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Қытай, Түркия, Польша, Латвия, Литва, Австрия, Чехия, АҚШ, Малайзия, Болгария, Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан) 50 жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен және де ғылыми-зерттеу институттарымен екі-жақты келісім-шарттар мен меморандумдар жасады. Жиын соңында ғалымның өміржолы туралы деректі фильм көрсетілді. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz 20.04.2016 TAR-5 20.04.2016 TAR-6