20 Сәуір, 2016

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016-Elmira SАСТАНА. 20 сәуір. Білім және ғылым вице-министрі болып Эльмира Суханбердиева тағайындалды. Ұжымға жаңа орынбасарды министр Ерлан Сағадиев таныстырды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Эльмира Суханбердиеваа осыған дейін Астана қалалық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ол Атырау облысының Гурьев қаласында 1971 жылы 26 қазанда туған. 1989 жылы Ақтау қаласының № 16 мектебін бітірген. 1994 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тарих және құқық» факультетін, 2002 ж. – «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша халықаралық еңбек академиясы тәмамдаған. 2009 ж. – Халықаралық бизнес академиясы: іскер әкімшілік магистрі, ЖАМ ғылыми атағы бар. 2010 ж. – Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры. 2012 ж. – Астана қаласының V шақырылымдағы мәслихат депутаты. 2014 ж. – Астана қаласы білім басқармасының басшысы. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» жоғары мәртебесіне ие болған. Астана және Алматы қалалары әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. Талғат Райымбек. Дерек, фото: inform.kz.