20 Сәуір, 2016

Эквадорда жер сілкінісінен 525 адам опат болды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016 ecuadorАСТАНА. 20 сәуір. Эквадорда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 525 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекеттің бас прокуратурасы 518 адамның мәйітін туысқандарына жіберді. Опат болғандардың арасында 11 шетелдік азамат бар. Олар Куба, Колумбия, Доминикан Республикасы, Ирландия, Канада және Британияның тұрғындары. Сондай-ақ, 4 мыңнан астам адамның зардап шеккені белгілі болды. Осыған дейін ел президенті Рафаэль Корреа құтқарушылар тобының қиранды астынан 54 адамды аман алып шыққанын мәлімдеді. Ал мемлекетке зілзаладан 3 миллиард долларға жуық шығын келгені анықталды. Айта кетейік, Манаби провинциясына қарасты Педерналес аймағында 16 сәуір күні магнитудасы 7,8 баллды құраған жер асты дүмпуі болды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.