20 Сәуір, 2016

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016 aymukashevӨСКЕМЕН. 20 сәуір. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Шаһар басшысы болып Ерлан Аймұқашев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ерлан Қапарұлы Аймұқашев 1970 жылы 18 наурызда туған. Павлодар педагогикалық институтын, Павлодар университетін бітірген. 2000 жылдан бастап мемлекеттік басқару жүйесінде, Павлодар облысының әкімдігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болды. 2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегия мүшесі хатшылығының меңгерушісі болды. Ал Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды. Өскемен қаласының экс-әкімі Темірбек Қасымжанов облыс орталығын 2013 жылдың мамыр айынан бері басқарған болатын. Думан Анаш. Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.