14 Сәуір, 2016

Қарағанды облысында педофил қолға түсті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-04-2016 pedophilҚАРАҒАНДЫ. 14 сәуір. Қарағанды облысындағы Абай ауданында 7-сыныпта оқитын қыз балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жантүршігерлік қылмыс туралы полицияға жапа шеккен оқушы қыздың анасы хабарлаған. Тәртіп сақшылары бір күннің ішінде осы іске қатысы бар 38 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отыр.  Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялау заңмен бекітілген. Қайрат Әілдинов. Дерек: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: egemen.kz.