14 Сәуір, 2016

Ресей президентіне «Тікелей эфирге» 2 млн. астам сұрақ келіп түсті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14.04.2016 AST-8 АСТАНА. 14 сәуір. Осы сағатта Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің тікелей эфир арқылы дәстүрлі сұрақ-жауап пішінінде өткізетін кездесуі болып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Россия 24» телеарнасының мәліметтеріне қарағанда, тікелей эфирге дейін Ресей президентіне елдің түкпір-түкпірінен 2 млн. астам сұрақ келіп түскен. «Тікелей эфир» бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Ең ұзақ тікелей эфир 2013 жылы болған. Сол кезде Владимир Путин 4 сағат 47 минут бойы сұрақтарға жауап берген. 2015 жылы ең көп сұрақтар қойылса, Ресей басшысы соның 55-не ғана жауап берген. 2014 және 2015 жылдары  «Тікелей эфир» 4 сағатқа дейін жалғасты. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: «Россия 24» телеарнасы.