14 Сәуір, 2016

Қытайда құрылыс краны құлап, 18 адам опат болды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-04-2016 chinaАСТАНА. 14 сәуір. Қытайдың Гуандун провинциясында құрылыс краны құлап, 18 адам мерт болды. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, оқиға орнында тағы 14 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Олар дер кезінде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы ресми мәлімдемеді. Қиранды астында тағы бірнеше адамның қалғаны анықталды. Оқыс оқиға кезінде 139 адам жұмыс істеп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл аймақта дауыл соққан. Жойқын желге шыдас бермеген салмағы 100 тонналық құрылыс краны жұмысшылар тұрып жатқан уақытша үйге құлаған. Мәліметтерге сәйкес, қираған нысанның көлемі 200 шаршы метрді құрады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: «Интерфакс». Фото: metronews.ua.