01 Сәуір, 2016

Мемлекет басшысы Карнеги қорының президентімен кездесті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-04-2016 KarnegiАСТАНА. 1 сәуір. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Карнеги қорының басшысы Уильям Бернспен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кездесуге АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Нанн, Калифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN арнасының негізін қалаушы Т.Тернер, «Gap» компаниясының бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, олармен  Қазақстан-Америка ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігі туғанына ризашылық білдірді. Карнеги қоры – әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту басты міндеті болып жарияланған коммерциялық емес жекеменшік ұйым. 1910 жылы құрылған Қор халықаралық саясат саласындағы ірі сараптау-талдау орталығының бірі болып саналады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: akorda.kz.