01 Сәуір, 2016

Инспектор

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2387_oko_2енді «қолын майлай алмайтын» болды Әзіл-оспақ дегенмен, әр әзілдің түбінде шындық жатады ғой. Ке­зінде өзі автоинспектор болып жұмыс жасаған, зейнетке шыққан ақсақал өз ізін жалғастырып МАИ қыз­меткері болған баласын таңер­тең­гілік жұлқылап оятып жатыр дейді. – Әй, тұрсайшы, сағат сегізден асып барады. Шопырлар таңғы ал­ты-жетіден бері тегін жүріп жүр, – деп. Сол айтқандай, ала таяқты жол-көлік инспекторын көргенде машина жүргізушілері сасқалақтап қалатындығы рас. Атақты жазушы Сафуан Шәймерденов «осы жас жігіттерге шопырлар неге иіліп аман­дасады деп ренжуші едім. Ма­шина алып, бір-екі тоқтат­қаннан кейін мен де олардың қарасы кө­рін­генде жымиып, басымды иіп аман­д­асатын болдым», деп жазғаны бар. МАИ қызметкерлері туралы, әсіресе, Шымкент инспекторлары туралы әңгіме көп. Кім қалай айтса да Оңтүстіктің жігіттерінің терісі кең, қанағаты бар. Бір журналист досымыз Темір­ланға асығып бара жатып, жыл­дамдықты асырып жібереді. МАИ қызметкері тоқтатады. Қалтасын қараса ақша жоқ. Шынын айтады. – Жарайды көке, кейін берерсіз, – дейді инспектор. Шынында да, досымыз келесі жолы Темірланға бара жатып, әлгі инс­пектордың нәпақасын беріп кетіпті. Енді ондай келісімге жол жоқ. Енді МАИ қызметкерімен «Шым­кентше келісімге» келуге бол­май­ды. Жол-көлік полицейімен сөй­лес­сеңіз, барлық әңгіме оның өңі­ріндегі бейнежетонға жазылады. Камерасы бар бейнежетон Шымкент қалалық жол-көлік инс­пекторларына кезекшілікке шыққанда беріледі. Шешіп алсаң тәртіптік жазаға тартыласың. Бей­не­­жетон жүргізуші мен полицейдің ара­­сындағы бар әрекетті жазып алады. – Жол-көлік полицейлері туралы ел аузында алыпқашпа әңгіме көп, – дейді Шымкент қалалық жер­гіл­ікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.  Бейнежетон полицейлердің сы­байлас жемқорлыққа жол бер­меуіне әрі қызметін таза, әділ ат­қаруына, полиция қыз­ме­ткер­лерінің имиджін көтеруге мүм­кіндік береді. Сонымен қатар, жол-көлік поли­­циясын келісімге келуге мәж­бүрлейтін, пара ұсынғысы келе­тін жүргізушілерге де сабақ болады әрі оларды тәрбиелейді. Мұндай әрекетке саналы түрде барып отырмыз. Кезекшіліктен соң полицейлер бейнежетонды бөлімге тапсырады. Ал, ондағы сөйлесулер ОҚО ІІД-нің оперативтік басқару орта­лығы­ның базасына жазылып алы­­­нып, бірнеше айға сақтауға қойы­лады. Жетонның сақтау көлемі 32 гигабайт, бейнежазуы мен дауысы жоғары деңгейде. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуы бойын­ша, жол-көлік ережесін бұзғанға байланысты күніне 150 протоколға дейін толтырылады. Әрине, жергілікті полиция қыз­меттің бұл түрін әуеден алған жоқ. Елбасының 5 институттық ре­форманы жүзеге асырудағы «100 нақ­ты қадам» Ұлт Жоспарын­да жол-көлік полицейлерінің кезек­ші­лік кезінде бейнерегистраторлармен жабдықталып, барлық әрекеті қадағаланатындығы жө­нінде тапсырма берілген болатын. Шымкент полициясының қолға алып жатқан шаруасы – Мемлекет бас­шысының тапсырмасын жүзеге асыру. Бұл әрекет тек жол-көлік по­ли­­ция­сына ғана қатысты емес, тұр­ғын­дармен қоян-қолтық жұмыс жа­сай­тын учаскелік инспек­торлар­ға да бейнежетон берілетін болады. Өркениетті елдер үлгісі озық елдердің қатарына кіруді мақсат еткен Қазақстанның әр саласында осылай көрініс тауып жатыр. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.