01 Сәуір, 2016

«Мемлекет стратегиялық менеджер болуы тиіс»

311 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
100 нақты қадам«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Қазақстан Республикасының бюджет саясатын трансформациялау үдерістеріне үлкен көңіл бөлінген. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу мемлекеттің экономикаға қатысу тәсілдерін түбегейлі қайта қараумен қоса жүреді. Олай болса, осы трансформациялау үдерісі қалай өтіп жатыр? Ол туралы Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВПЕН әңгімеде сөз болады. – Бақыт Тұрлыханұлы, өт­кен жы­лы Қазақстан әлемдік дағдарыстың барлық «қызығы» мен «шыжығын» өзі де татып көрді. Біздің бюджет энергия ресурстары құнының осылайша күрт құлдырауына қалай төтеп берді? Ен­ді үстіміздегі жылға перспективалар қандай? – Соңғы бірнеше жылда бүкіл әлем экономикалық жүйенің трансформациясын бақылап отыр. Бұл мұнай мен металдар құнының құлдырауымен, дамыған және дамушы елдердің, оның ішінде Қытайдың «жаңа нормасының» өсу қар­қынының баяулауымен қатар жүруде. Соның салдары ретінде шикізатқа әлемдік сұраныс төмендейді, өндіріс көлемі құлдырайды. Жағдай әртүрлі елдердің экономикаларының «сауығуына» аз ықпал ететін геосаяси факторлармен де шиеленісе түседі. фото Султанова-1Жаһандық экономикалық жүйенің бір бөлігі ретінде Қазақ­станның да жоғарыда келтірілген факторлар тарапынан қысым көруі табиғи жайт. Оның ішінде, бұған біздің экономикамыздың шикізаттық ресурстар экспортына айтарлықтай тәуелділігі және соның салдарынан соңғы бірнеше жылда байқалып отырған осы ағындардан бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуі де себеп болып отыр. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың «голланд ауруынан» сауығуына бағытталған. Біз қазірдің өзінде-ақ шикізаттық емес сектордың біртіндеп ұлғайғанын айта аламыз. Оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар түріндегі түсімдердің өсуін де көріп отырмыз. Елбасы белгілеген және «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парының негізі болған Бес институттық реформаның іске асырылуы еліміздің дамуын трансформациялаудың және мемлекеттің орнықты нарықтық қатынастар жолына түсуінің жалғасы болып табылады. Мұндай «терең» өзгерістерсіз ғасыр­дың басты стратегиялық мақсаты – дамы­ған 30 мемлекеттің тобына кіруге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мақсатқа жету жолында бізді күтіп тұрған кедергілер де аз емес. Ол «шикізат ресурстары нәу­бетінен» де қатерлі болуы мүмкін. Көкжиекте көрініп тұрған осындай айқын табалдырықтардың бірі – бұрын біздікі сияқты проблемалары мен мүмкіндіктері болған бірқатар мемлекеттер де төтеп бере алмаған «кірісі орташа елдер тұзағы». Институттық реформаның даму век­торынан басқа екінші әсері – бұл экономиканың, социумның және бюд­жеттің орнықтылығы. Бюджеттің «көңіл-күйіне» келсек, онда өткен жыл біз үшін шынымен де күрделі сынақ болды. Бірақ «қиын жылдарда» жинақталған резервтер бізге 2015 жылдан проблемаларсыз өтуге көмектесті. Өткен жылдың аяғында, өздеріңіз білетіндей, Қаржы минис­трлігінде бюд­жетті оңтай­ландыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Біз көп­теген нақтылаулар кезінде өзіміздің шы­ғыстарымызды 1,5 трлн. теңгеге қыс­қарттық. Бюджетті ағымдағы үшжыл­дыққа қалыптастырған кезде біз бас­ты идеяны – жобалар экономиканың нә­тижесіне және оң әсеріне бағытталуы және жаңа жұмыс орындарын құруға әкеп соғуы тиіс екенін айттық. – Дегенмен, сонда да ағым­дағы жылғы перспективалар қандай? – Жалпы, мен Қаржы министрі ретінде ағымдағы жылдың перспективаларын оң бағалаймын. Экономиканың шикізаттың емес секторы өз айналымдарын өсі­ретінін біз байқап отырмыз. Бюджетке салықтық түсімдер ұлғаюда. Оның сыртында, шикізат нарық­тарындағы ахуал да құбылмалылықты біртіндеп төмендетуде және тепе-теңдікке ұмтылыс бар. Қазіргі таңда баррель құны 40 доллардан асады. Біз бюджетті соңғы нақтылау уақытында Brent маркасының құнын баррель үшін 30 доллар деп белгіледік. Яғни, 30 доллар кезінде де Қазақстанның бюджеттік шығындары елдің барлық әлеу­меттік міндеттемелерін және Елбасы тапсырмасын орындауға негізделген. Оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруға да бағытталған. – Қаржы министрлігі бюджеттік саясатты трансформациялау бойынша жұ­мыстар жүргізеді. Ол қалай жасалады? – Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, рефор­малар, даму» атты Жолдауында бюд­жет шығындарына тексеру жүр­гізу жө­нінде тапсырма берілген. Шы­ғыс­тарды қаржыландыруды нысаналы индикаторларға қатаң байланыстыру аса маңызды міндет болып табылады. Бірінші кезекте, қаржыландыру ба­­ғыттары бойынша шығыстар мен бағ­дар­ламалардың экономикалық тиім­ділігіне және экономиканың нақты секторына бағдар жасалып отыр. Талдау барысында бағ­дарламалар тиімділігінің төменгі деңгейде болуына ықпал ететін және бірсыпыра жылдар ішінде оларды іске асыру мониторингі барысында көрінетін институттық, әкімшілік, нормативтік және басқарушы факторлар анықталды. Мемлекеттік аппараттың жұмысы осындай факторларды, ең алдымен, заңнамалық тұрғыда жоюға бағдарланған. Бұл ретте, бюджет шығыстарын ха­лықтың тұрмыс деңгейін сапалы көтеруге тиісті әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларға жұмсауға ден қойылды. Мемлекет шын мәнінде өзіне шы­ғыстардың әлеуметтік бөлігін ғана алуы тиіс. Мемлекеттің рөлі жеке сектордың дамуына жағдай жасайтын және ынталандыратын стратегиялық менеджер деңгейімен шектелуі тиіс. Сонымен бірге, тауашаларды босата отырып, бизнесті жүргізу үдерісін заңнамалық түрде жеңілдетуі қажет. – Сіз жекешелендіруді айтып отырсыз ғой? – Иә. Бүгінде экономиканы мемлекет иелігінен алу мемлекеттік мен­шік­тегі мүліктің 70 пайызына дейінін бәсекелестік ортаға беруді қарастыратын ауқымды жекешелендіру арқылы өтіп жатыр. Оның ішінде нарыққа бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор басқаратын ірі нысандарды беру жоспарланып отыр. Олар: әуежайлар, өндіруші компаниялар және т.б. Бұл тәжірибе қолдану аумағы мен жеке кәсіпкерлік бастамаларын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға да жағдай жасайды. Өйткені, жекеменшік иесі мемлекетке қарағанда анағұрлым тиімді менеджер болып табылады. Жекешелендіруден барлығы да ұтады – бизнес мемлекеттік монополия басым болып отырған салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік алады, мемлекет са­лықтардың түсуі есебінен ұтады, жалпы экономикалық жағдай жақсарады. Одан басқа, бюджеттік шығыс­тар­ды жүзеге асыру тетігін қайта қарау шеңберінде мемлекет мемлекет-жеке­меншік әріп­тестігі негізінде, сол сияқты, сервистік үлгіні пайдалана отырып, бәсекелестік ортаға өзінің жекелеген функцияларын береді. Бұл жеке бастама жұмыс істей алатын жұмыстар мен қымбат тұратын жабдықтарды бөліп тө­леу арқылы (сервистік модель) және қызметтер мен жұмыстар аутсорсингін сатып алу есебінен бюджетке жүктелімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. – Капиталды жария ету бюджетке қалайша әсер етуде? – Капиталға рақымшылық жасау ел экономикасы мен оның бюджетіне едәуір кешірек, яғни кейінірек әсер етеді. Бұл акцияның мультипликативті әсері бар. Бүгінгі таңда жария етуге қа­тысушылардың экономикалық жүйе­нің толыққанды ойыншылары болу, жекешелендіруге қатысу арқылы да, сол сияқты, үдемелі индустриялық-ин­новациялық даму және «Нұрлы Жол» шеңберінде іске асырылатын бірқатар жобалардың инвесторлары болу арқылы да экономикаға инвестор ретінде қатысу мүмкіндігі бар. Яғни, азаматтар жария етілген қаражатты ағымдағы жылы да, сол сияқты, мысалға, 2018 жылы да инвестициялай алады. Сондықтан, ақшаның қашан экономикалық үдерістердің бір бөлігі болатынын айту қиын. Бірақ осындай мүмкіндіктің пайда болатыны анық. Мүлікті жария ету мүлікті уақы­тылы ресімдемегені үш­ін ықтимал айып­пұлдарды бол­дырмауға, оны болашақта проблемасыз сатуға немесе жалға беруге мүмкіндік береді. Бізде коммерциялық құрылыстар мен бұрын­нан бар ғимараттарға жапсарлас құры­лыстарды жария етуге өтініштер көп. Яғни, азаматтар бұл мүлікті өз­дерінің коммерциялық активтері ретінде ресім­деуге заңды құқық алады. Бұл кірістер мен шығыстарды жал­пыға бірдей декларациялаудың 2017 жылдан басталуына байланысты өте маңызды. Және бұл туралы Мемлекет басшысы 2016 жылдың аяғына дейін жария етудің ақшаға да және олардың иелеріне де заңды айналымға оралудың соңғы мүмкіндігі екенін бірнеше рет айтқан болатын. Бұл ретте жария ету рәсімі барынша оңайлатылған: заңнамаға соңғы тү­зетулермен капиталды жария ету бойынша іс жүзінде барлық шектеулер алып тасталды және мүлікті жария ету рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді. Капи­талды жария етудің мұндай жеңіл­дікті шарттары әлемнің ешбір елінде болған емес. Қазақстан елге ақшаны әкелген жағ­дайда оны жария етуге салынатын са­лықты толық алып тастады және жария етудің мәлімдеу нысанында салықтың небәрі 10%-ы қалдырылды. Кейбір елдерде жария ету алымдары жария еті­летіннің жартысын немесе сомасының 70%-ын құрайтынын айта кету қажет. Рақымшылық етудің ең бір либералды жағдайларының өзінде жария етуге салынатын салық мөлшерлемесі кемінде 3-5 пайыз болады. – Бизнеске қайта оралайық. Сіз мемлекет стратегиялық ме­неджер бо­луға тиіс деген едіңіз. Осы менеджмент кәсіп­керлікті қолдау бөлігінде қалай көрсетілуге тиіс? – Мемлекет бизнестің дамуы және салық төлей алуы үшін оған қолайлы жағдайлар туғызуға тиіс. Өйткені, салық­тар мемлекеттің кіріс көздері болып табылады. Оларды тиімді пайдалану арқылы мемлекет халық алдында әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. Біз 2030 жылға қарай ШОБ деңгейін ішкі жалпы өнімнің 40 пайызына дейін жеткізу мақсатын қойғанымыз сіздерге мәлім. Ол үшін мемлекет қолайлы және сапалы салықтық әкімшілендіруді қамтамасыз етуге тиіс. Яғни, салық төлеушіге салық төлеуді ыңғайлы ету жағ­дайын жасау қажет. Экономиканы жандандыру және түрлі себептер бойынша нашар жұмыс істейтін немесе тіптен жасырын активтерді экономикалық айналымға тарту үшін кәсіпорындарды оңалту жүйесі енгізілді. «Банкроттық туралы» заң борышкерге кредиторлармен бәтуалық келісім жасасуға немесе қиын жағдайдан шығу үшін жоспар әзірлеуі үшін мүмкіндік береді. Заң кәсіпорынды атауымен және тауарлық белгісімен бірге сатып алуға және «оған жаңа өмір беруге» мүмкіндік туғызады. Бұл ретте, жұмыс орындары сақталады, ал өндіріс тоқтамайды. Қазір біз жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты жұмыстар жүргізудеміз. Алтыншы шақырылған Пар­ламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бизнес үшін рәсімдерді әкім­шілік тұрғыда оңайлатуға бағытталған жаңа міндеттер белгіледі. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін Бірыңғай кеден-салық кодексі қабылданатын болады. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы кодексте осы са­ладағы қаты­настарды реттейтін барлық нор­малар бірыңғай заңнамалық актіде шоғырландырылмақшы. Монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші ке­зеңі шеңберінде бәсекелестік мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілетін болады. Мемлекет бизнес үшін оны алмас­тырмай, оған бағдар ғана беретінін және ойынның қолайлы жағдайларын туғызатынын тағы да қайталап өтемін. Сол арқылы оның дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде, бюджетке тиесілі салық түсімдері арта түсетін болады. Ал бұл жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасайды. Мемлекет басшысы белгілеген Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» да дәл осыған бағытталған.  Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».