31 Наурыз, 2016

Үндістанда көпір құлап, 22 адамның өмірін жұлып кетті

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 indiaАСТАНА. 31 наурыз. Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатына қарасты Калькутте қаласында салынып жатқан көпір құлап, қаза тапқандар саны 22 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құтқарушылар тобы оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар қаза тапқандардан бөлек 150-ден астам адамды үйінді астынан аман алып шықты. Алайда, 78 адам қатты жарақат алған күйде ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы тым ауыр деп бағалап отыр. Қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деген де болжам бар. Ал қиранды астында әлі 100-ге жуық адам бар. Мамандар көпір жұмысын жобалауда немесе құрылыс жұмысында ақаулар болған деген шешім шығарды. Алдын ала тексеру бойынша, кем дегенде екі тіреуіш ауыр салмаққа шыдамаған. Сондай-ақ, апат орнында өрт шыққан. Аспалы көпір құлаған кезде жанармай әкеле жатқан жүк көліктерінің болғаны анықталды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.