31 Наурыз, 2016

Жойқын торнадоның салдарынан 6 мың үй жарықсыз қалды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 tornadoАСТАНА. 31 наурыз. АҚШ-тың Оклахома штатында жойқын торнадоның салдарынан 6 мың үй жарықсыз қалды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Табиғат апатынан 9 адам зардап шекті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, дауыл аталған штатқа қарасты Талса қаласына көп шығын әкелген. Бірқатар жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Қала басшылығы тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берді. Сондай-ақ, қазіргі кезде Луизиана мен Миссисипи штаттарында жауын толастар емес. Алдын ала болжам бойынша, мұның арты су тасқынына ұласуы мүмкін. Мамандар бұл жағдай Алабама штатында да қайталануы ықтимал екенін айтты. Айта кетейік, АҚШ-та тосын табиғат апаты жиі болып тұрады. Өткен жылдың 10 сәуір күні соңғы 20 жылда болмаған торнадо соғып, Техас, Луизиана, Арканзас, Миссисипи, Теннесси, Миссури, Кентукки, Индиана штаттарында ондаған үй қирап қалған. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: hronika.info.