31 Наурыз, 2016

Ірі көлемді есірткі тасымалдағандар қолға түсті

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 gashishАСТАНА. 31 наурыз. Испанияның Кадис провинциясында ұлттық полиция қызметкерлері заңсыз жолмен 3,4 тонна гашиш есірткісін тасымалдағандарды қолға түсірді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Андалусия қаласының билігі бұл істің 25 наурыз күні болғанын мәлімдеді. Полиция басқармасына Ла-Линеа-де-ла-Консепсьон муниципалитетіндегі жағажайда гашиш есірткісін тиеп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жеткенде ешкім болмады. Алайда, көп ұзамай, іздеріне түсу арқылы есірткінің қайда жіберілгенін анықтады. Арнайы операция кезінде екі адам қолға түсіп, бірнеше қару-жарақ пен екі көлік тәркіленді. Айта кетейік, осы жылдың басынан бері құқық қорғау органының қызметкерлері аталған аймақта жалпы салмағы 10,2 тонна гашиш есірткісін тәркілеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі еседей көп. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: nsktv.ru.