31 Наурыз, 2016

Өзбекстанда драматургтер Гүлнар Каримовадан ақшаларын алатын болды

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
31-03-2016-karimovaАСТАНА. 31 наурыз. Өзбекстанда Гүлнар Каримованың ісі бойынша «қатырылып қойылған» ақшаларды драматургтерге қайтарып беру жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Өзбекстанның бірқатар драматургтері бас прокуратураның талабымен Өзбекстанда көтерілген президенттің үлкен қызы Гүлнар  Каримоваға қатысты қылмыстық іс шеңберінде «авторлар мен орындаушылар гильдиясында» «қатырылып тасталған» қаламақыларын алатын болды», – делінген хабарламада. «Озодлик» («Азаттықтың» өзбек редакциясы) мәнбесінің айтуына қарағанда, Өзбекстан мәдениет және спорт министрлігі, Өзбекстан ұлттық театры осы қаламақылар жөніндегі қарыздарын төлеп те үлгерген. Ал Муқими атындағы театр қарыздарын қайтаруды сәуірдің басынан бастайды. Өткен айда 70 жастағы драматург Исфандияр (Искандар Кимсанович Маткаримов) елдің басшысына ашық хат жазып, өзінің Өзбекстан театрларында қойылған драматургиялық туындылары үшін қаламақысын әлі ала алмай жүргенін шағынған еді. Еске сала кетейік, өткен жылғы қыркүйекте драматург Исфандияр «Өзбектеатр» шығармашылық өндірістік бірлестігінің жетекшісімен кездесу кезінде авторлар қаламақыларын «қатырып тастау» турасында тағы сөз қозғады. Драматургтің айтуынша, ол үш жылдан бері өзінің қаламқасын ала алмай келе жатқан. Хабарланғандай, драматургтер қаламақылары бас прокуратураның тапсырмасы бойынша берілмей қойған. «Гүлнар Каримова мен оған жақын жүргендерге қатысты қозғалған қылмыстық істің шеңберінде Өзбекстан бас прокуратурасы мен әділет министрлігі гильдияның есепшотын жауып тастаған. Бұл есепшоттарда өзбек драматургтерінің, соның ішінде Маткаримовтің алашақ ақшалары болған. Гильдия екі жыл бұрын жабылды. Қылмыстық іс аяқталды. Гильдияның есепшотында қалған ақшалар қаржы министрлігінің қарауына жіберілді. Қазір сол ақшалар «Өзбектеатр» бірлестігіне қайтарылып, қаламақы төлене бастады», – деді мәнбе. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Фото: kapital.kz.