31 Наурыз, 2016

Құрылысы бітпеген көпір құлап, 10 адам қаза тапты

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 india АСТАНА. 31 наурыз. Үндістанның Колката қаласында құрылысы бітпеген көпір құлап, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл көпірдің құрылысы 2009 жылы басталған. Алайда, белгіленген мерзімінде аяқталмағандықтан уақыты бүгінге дейін ұзартылып келген. Құтқарушылардың айтуынша, қиранды астында әлі 150 адам бар. Ал куәгерлер оқыс оқиға болардың алдында қатты жарылыстың дауысы шыққанын айтты. Қазіргі кезде жергілікті халық пен өрт сөндірушілер құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, 2014 жылы Гоа штатына қарасты Канакона қаласында салынып жатқан ғимарат бұзылып, салдарынан 14 адам қаза тапқан, ал осыдан бірнеше ай бұрын Мумбайда тұрғын үйдің қабырғалары құлап, үгітінді астында 60 адам қалған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: lenta.ru.