31 Наурыз, 2016

Ресей Өзбекстанның 864 млн. доллар қарызын жауып жіберді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016-dumaАСТАНА. 31 наурыз. Ресей Федерацияның мемлекеттік думасы Ресей мен Өзбекстан арасындағы бұрынғы КСРО кезеңі мен 1992-1993 жылдардағы операциялар бойынша жинақталған қаржылай талаптар мен міндеттемелерді реттеу туралы үкіметаралық келісімді ратификациялап берді. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үкіметаралық осы келісімге сай, енді Өзбекстанның Ресей алдындағы қарыздары алынып тасталады. 2014 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, бұл қарыздың жалпы көлемі 889,3 млн. доллар болған. Оның 500,6 млн. доллары негізгі төлемдерден жиналса, тағы 388,7 млн. доллар қарыздардың пайыздық өсімдерінен құралған. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Фото: azattyq.org.