30 Наурыз, 2016

Mercedes-Benz ақауы бар 6 мың көлікті кері қайтарды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-03-2016 mercedesАСТАНА. 30 наурыз. Ресейде әйгілі Mercedes-Benz автокомпаниясы ақауы бар 6 мың 828 көлікті кері шақырды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Компания 2006 жылдың наурызынан 2009 жылдың қараша аралығында шыққан C және GLK үлгісіндегі көліктердің қауіпсіздік жүйесінде кемшілік бар деген қорытындыға келді. «Көлік иелеріне шақырту жібергеніміздің бірден бір себебі, SRS басқару блогынан ақау табылды. Мұның соңы SRS-тің жүйесіз жұмыс істеуіне алып келеді», – деп автоконцерн басшылығы мәлімдеді. Айта кетейік, өткен айда Toyota компаниясы Жапонияға тараған 2,87 миллион көлікті қауіпсіздік белдігінің дұрыс орнатылмағанына байланысты кері шақырған. Ал заңсыз құрылғы орнатқанына байланысты Volkswagen концерніне Еуропаның және Азияның бірнеше елдері ірі көлемді айыппұл салды. Сондай-ақ, АҚШ-тың Нью-Мексико штатының басшылығы компанияның бұл ісін сотқа берген болатын. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: mercedes-benz.md.