13 Наурыз, 2016

Түркияда жарылыс салдарынан 27 адам қаза тапты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-2016 turkishАСТАНА. 13 наурыз. Түркияның астанасы Анкара қаласында жолаушылар автобусы жарылып, 27 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 75 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарылыс қаланың орталығындағы премьер-министр кеңсесіне жақын жерде орналасқан автобус аялдамасында болды. Жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік толығымен жанып кетті. Полиция қызметкерлерінің болжамы бойынша, жарылғыш зат қойылған көлік екі автобустың ортасында жарылған. Жергілікті тәртіп сақшылары оқиға орнын толығымен қоршауға алды. Жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, алғашында 15 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Алайда, олардың саны 27 адамға жеткені анықталды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».