13 Наурыз, 2016

Ауғанстанда үкімет әскері 24 содырдың көзін жойды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-2016 auganstanАСТАНА. 13 наурыз. Ауғанстанның Пәкістанмен шекаралас Нангархар провинциясында үкімет әскері лаңкестер ұйымына қарсы операция кезінде 24 содырдың көзін жойды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бірнеше күн бұрын «Ирак пен Левант» ұйымының содырлары жергілікті әскери бекетке шабуыл жасаған болатын. Осыған байланысты үкімет әскері тойтарыс беруге мәжбүр болды. Әскерилердің арасында қаза тапқандар жайлы мәлімет әзірге белгісіз. Ал мемлекеттің солтүстік шығысындағы Тахар провинциясының губернаторлығына шабуыл жасаған 8 адам қолға түсті. Алдын ала болжам бойынша, олар «Талибан» лаңкестік ұйымының мүшелері. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: 24.kz.