13 Наурыз, 2016

Maserati автоконцерні 28 мың көлікті кері қайтарады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-2016 maseratiАСТАНА. 13 наурыз. Италияның белгілі бренд Maserati автоконцерні Солтүстік Америкада сатылған 28 235 көлікті кері шақырды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шақырылған көліктер тізіміне Quattroporte және Ghibli үлгісіндегі көліктер енді. Компания басшылығының айтуынша, жүргізуші жақта орналасқан кілемше акселератор басқышына тіреліп, жылдамдықтың артуына себеп болады. «Егер де кілемше өзінің орналасқан орнынан қозғалып кетер болса, акселератор басқышы мен ковроин аралығына тіреліп қалуы мүмкін. Осыдан соң көліктің жылдамдығы артып, жол апатының болуына, көлік ішіндегілердің қатты жарақат алуына немесе оқиғаның қайғылы аяқталуына себеп болады», – дейді компания басшылығы. Автоконцерн бұл жұмысын осы жылдың 29 сәуірінен бастайды. Шақыртуға 2013 жылдың 1 ақпаны мен 2015 жылдың 30 қараша аралығында шыққан көліктер енді. Өндіріс орны көлік кілемшесі мен акселератор басқышын ауыстырады. Жөндеу жұмыстары тегін жүргізіледі. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.