08 Наурыз, 2016

Жазушы Юрий Кушак қайтыс болды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016 kushakАСТАНА. 8 наурыз. Жазушы, ақын, аудармашы Юрий Кушак 79 жасында қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғаш болып, бұл хабарды жазушының ұлы facebook әлеуметтік желісінде хабарлады. «Бүгін әкем Юрий Кушак қайтыс болы. 19 сәуір күні 80 жасқа толар еді. Жазушы, аудармашы, «ХХ ғасырдың сатиралық және әзіл-оспақ жинағы» («Антология сатиры и юмора ХХ века») кітабының авторы, жан-жақты адам еді. Теңізші, боксшы да болатын. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген жан болатын», – деді жазушының ұлы. Оның алғашқы өлеңдері 1955 жылы жарияланған. «Құмырсқалар шырақшысы» («Муравьиный фонарщик), «Пошталық тарих», («Почтовая история»), «Жолдастар үйі» («Дом друзей») сынды балаларға арналған кітаптардың авторы. Юрий Кушак еңбегі үшін Корней Чуковский атындағы «Алтын Остап» және «Замануи поэзиядағы көрнекті жетістігі» сыйлықтарының иегері атанған. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».