07 Наурыз, 2016

Қытайдың Байшань қаласындағы шахтада жарылыс болды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016 chinaАСТАНА. 7 наурыз. Қытайдың Цзилинь провинциясының Тунхуа округында көмір шахтасындағы жарылыстан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға жексенбі күні Байшань қаласында болды. Жұмыс орнында 700-ден астам кенші болған. Оқыс оқиғадан кейін 692 қызметкер жер бетіне шығып үлгерген. Алайда, 13 адам жер астында қалып, 12 адам мерт болды. Аман қалған кенші дер кезінде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы бір қалыпқа келгенін мәлімдеді. Құтқару жұмыстарына 316 адам, 11 жедел-жәрдем қызметінің көлігі, 46 дәрігер жұмылдырылды. Қазіргі кезде іздеу жұмыстары аяқталды. Мамандар оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аспанасты елінде шахтадағы жарылыстан жылына мыңдаған адам қаза табады. Оның басты себебі техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмағанынан болады. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: egemen.kz.