Қоғам • 02 Мамыр, 2024

«Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған». Тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.  

«Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған». Тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

фото: qamqor.gov.kz, видеодан кадр

«Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты күш қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін айыпталған қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы Қарағанды қаласында, бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында сағат 11:00-де өтеді», деп жазылған хабарламада. 

Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында Қарағандыдағы Майқұдық аулаларының бірінде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалған. Айыпталушы Нұрболат Дәкебаев жүргізушіні соққыға жыққан. Бұл оқиға видеоға түсіп қалып, желіде шу шығарған еді.