05 Наурыз, 2016

Toyota компаниясы ағаштан автомобиль жасап шығарды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016-toyota 01АСТАНА. 5 наурыз. Toyota компаниясы ағаштан жасалған жаңа көлік түрін көпшіліктің назарына ұсынды. Бұл туралы livecars.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаңа концепт-карды мамандар Toyota Setsuna деп атады. Setsuna сөзі жапон тілінен аударғанда «қас-қағым» деген мағынаны білдіреді. Автомобиль ағаштың бірнеше түрінен жасалған. Мәселен, көліктің рамасы тегіс жапырақты қайыңнан дайындалса, шанағы (кузов) үшін жапон самырсыны қолданылған. Ал рулі сауырағаштан (кипарис) дайындалған. Toyota Setsuna-ның ұзындығы – 3,03 метр. Сондай-ақ, ені – 1,48 метр, биіктігі – 0,97 метр, ал дөңгелек базасының өлшемі 1,7 метрге тең. Автомобиль электромотордың көмегімен жүреді. Әзірге басқа техникалық сипаттамалары белгісіз. Жапондар жаңа көлікті 12-17 сәуір күндері Италияның Милан қаласында өтетін сән апталығында жұртшылыққа ресми түрде таныстырады деп күтілуде. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: livecars.ru.