05 Наурыз, 2016

Аргентина жағажайларына қоңыздар шабуыл жасап жатыр

300 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем Латын Америкасындағы бұл елдегі Мар-де-Ахо атты курортты мекенде Тәуратта айтылатын «қоңыздардың кең ауқымдағы шабуылы» басталып кеткен. The Daily Mirror газетінің жазуынша, жағажайларға тарпа бас салған жәндіктердің саны әлденеше мыңнан асады. Мұны мамандар қазір әртүрлі қабылдап, бағалап жатыр. Соның ішінде ақырзаманның келіп қалғанын айтып, жұрттың үрейін ұшырып жатқандар да бар. Тағы біреулер қоңыздардың жер сілкінісінен қашып келгендерін алға тартады. Ал ендігі бір пысық біреулер жәндіктерді топтап жинап алып, онлайн саудасын қыздырып жатқанға ұқсайды. Олардың айтуларынша, мұны жегендер рак, демікпе және сусамыр секілді кеселдерден құлан-таза айығып кетеді-міс. 04-03-16-tiulpan_hollandГолландия гүл өсірушілерінің басты мерекесі Алдағы 8 наурызды әлем әйелдері ғана емес, сонымен қатар Нидерланд елінің гүл өсірушілері де өздерінің жыл ішіндегі ең басты мерекесі санайды. Мұның себебі де түсінікті. Осы мереке қарсаңында және сол күні жұртшылық тарапынан олар өсірген алқызыл қызғалдақтарға деген сұраныс бірнеше жүз еселеп артады. Мәселен, елдегі атақты Наалдвик аукционанында жай уақытта айына 20 млн. еуроның гүлдері сатылатын болса, 8 наурыз күні бұл көрсеткіш 60 млн. еуроға жетеді екен. Ал гүлдерді Еуропа мен Азияның көптеген елдері тонналап алдырады. 30 мың шақырымдық саяхатқа жаяу аттанды Беларусьтің Гродно қаласының тұрғыны Сергей Мороз 4 жылға созылатын, 30 мың шақырымдық қашықтықты түзетін жаяу сапар үшін жолға шығып кетті. Наурыздың бірінші күні саяхатын бастап кеткен жиһанкез 48 айдың ішінде Беларусь, Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан маршрутымен жүріп, алты мемлекеттің территориясына аялдауды жоспарлап отыр. Тілеулестері оны Минскідегі Октябрь алаңынан арнайы шығарып салыпты. Осы кезге дейін күніне 25 шақырым қашықтықты бағындырып келеді. Беларусь жігіті жаяу жүргіншілігінің жүрімінде, мүмкіндік болып жатса, Рамзан Кадыровпен бір кездесіп қалуды армандайды екен. 04-03-16-strekozaІлмиген инелік Атлант мұхитын көктей өтті Атлант мұхитының үстінен тоқтамастан көктей ұшып өткен құйттай инелік өзі тектес­тер арасында ұзақ қашықтыққа ұшудан рекорд жаңартты. Инеліктің Pantala flavescens деп аталатын түріне жататын қанатты жәндіктің бұл жолғы сапарын Рутгер университетінің мамандары арнайы бақылауға алған. Жалпы, инеліктің аталған түрі жеті мыңнан астам шақырымға ұшып бара алатын көрінеді. Бұл жағынан ол 5800 шақырымға жуық қашықтықты құрайтын Нью-Йорк пен Париждің арасын жалғыз ұшып өткен америкалық ұшқыш Чарльз Линдбергтің рекордынан да көп асып кетіп тұр. Ягр ҰХЛ-да жинаған ұпайы жағынан Горди Хоумен теңесті Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін «Флорида Пантерс» командасының шабуылшысы Яромир Ягр «Колорадо Эвеланшпен» кездесуде бір сәтті пас беріп, 1850 ұпай жинады. 44 жастағы чех хоккейшісі осылайша лигадағы матчтарында жинаған ұпайлары жағынан атақты канадалық Горди Хоумен теңесті. Сөйтіп, лиганың барлық уақыттардан бергі үздік шабуылшылар тізімінде онымен бірге үшінші орынды бөлісті. Ал бірінші-екінші орындарда Уэйн Гретцки (2857) және Марк Мессье (1887) есімді екі канадалық хоккейші тұр. 04-03-16-akula-2Ержүрек жігіттер ең жыртқыш акулалармен су астында кездесті АҚШ-тың GoPro компаниясы көрермендер үшін шоудың бір түрі – ержүрек жігіттердің су астында балғабасты акулалармен кездесуін тікелей жазба арқылы көрсетуді қолға алды. Мұндай тәуекелге барған екі спортшы – Джеб Корлисс пен Роберто Манчино Багам аралдары шоғырына жататын Бимини аралының түбінде осы жобаны жүзеге асырды. Олар акуланың аталған түрі қаптап жүретін мүйісте түсірілім жасатқан. Бірақ бұларға жақын келген мұхит жыртқыштары тиісе қоймаған. Негізінде балғабасты акулалар адам үшін ең қауіптілердің бірінен саналады. Америкалық футболшы қыз өз миын аманат етті Америкалық футболшы қыз, Олимпиялық ойындардың жеңімпазы және әлемнің екі дүркін чемпионы Брэнди Честейн жақында өсиет жазып, өзінің миын зерттеушілерге аманат етіп қалдырды. Жазылған өсиетке сай, футболшы қайтыс болғаннан кейін оның органдары Бостон университетіне тапсырылады. Ал ондағы оқымыстылар қыздың басына ұдайы доп тие бергеннен миы қаншалықты қозғалысқа түскенін, оның денсаулыққа қаншалықты әсері болғанын анықтайды. Осы материалдың көмегімен дәрігерлер мұндай жарақаттардан қалай емделуге болатынын іздестіреді.  Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.