Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің басшылығымен партияның республикалық сайлауалды штабының өкілдері Қостанай облысындағы металлургия комбинатының, ауылшаруашылық бірлестіктерінің және кондитер фабрикасының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.
Үгіт-насихат тобы құрамында Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаттары Нұрлан Әбдіров, Бақытжан Ертаев, Ирина Аронова, сонымен қатар, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» бірлестігінің президенті Жанат Омарбекова, Халықаралық бизнес университетінің президенті Кенжеғали Сағадиев, «Алпамыс» аяқ киім фабрикасы» ЖШС директоры Алмагүл Сауденова, «Цветная» ЖШС құрылтайшысы Иван Клименко және тағы басқалары бар.
Кездесу аясында «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ЖШС-нің алаңында 500-ге жуық адамның қатысуымен алдағы сайлауға арналған арнайы митинг өтті. ТМД көлемінде темір кентас шикізатын өндіретін ірі кәсіпорында 100 пайыздық темір кенді жентек өндіріп, шикізаттың 22 пайызы экспортқа шығарылады. «Көріп тұрғанымыздай, 16 мыңнан астам адам жұмыс істейтін зауытта жағдай тұрақты. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде еліміз бойынша металлургия кешеніндегі өндіріс көлемі өткен жылы 14 пайызға ұлғайып отыр», – деді өз сөзінде Асқар Исабекұлы.
Ал «Алтынсарино» ЖШС-нің шаруаларымен кездесу барысында штаб жетекшісі алдағы уақытта аграрлық секторды оң өзгерістер күтіп тұрғанын алға тартты. 2015 жылы облыста дәнді-дақылдардың барлық көлемі 4 млн. тоннаны құраса, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш болды. Жалпы, азық-түлік өндіру жөнінен Қостанай республика бойынша үшінші орында көрінеді. Мұнда бүкіл өнімнің 11 пайызы өндіріледі екен.
Тағы бір ерекше атап кетерлігі, облыс бюджетінің 53%-ы (83,8 млрд. теңге) әлеуметтік салаға жұмсалады. 2011-2015 жылдар аралығында білімге бағытталған қаражат көлемі 1,6 есеге (29,9 млрд.-тан 47,3 млрд. теңгеге), ал денсаулық сақтау саласына 1,5 есеге (19,4 млрд.-тан 29,1 млрд. теңгеге) артқан. Өңірде 6 мектеп, 2 мектепке дейінгі мекеме және 18 денсаулық сақтау нысаны бой көтерген.
Жиынға кондитерлерден өзге Қостанайлық политехникалық колледж ұжымы да қатысты. Ал өңірге арнайы келген республикалық сайлауалды штаб өкілдерінің сапары әлеуметтік қорғау мәселесімен айналысуға дағдыланған үкіметтік емес ұйым өкілдерімен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы кездесумен аяқталды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 13:50
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:45
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Әлем • Бүгін, 13:43
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 13:20
8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
Елорда • Бүгін, 13:06
Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды
Саясат • Бүгін, 12:48
Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:25
Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:17
Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға мерекеге орай 15 мың теңгеден беріледі
Қоғам • Бүгін, 12:03
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік рекордты жаңартты
Спорт • Бүгін, 11:57
Бектенов Көкшетаудағы жаңа ЖЭО құрылысын тексерді
Үкімет • Бүгін, 11:42
Бүгін – Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл
Тұлға • Бүгін, 11:38
Ботай мәдениетіне арналған фильм түсіріліп жатыр
Кино • Бүгін, 11:30