26 Қаңтар, 2016

Конституциялық құқық қорғалуда

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа мәжілісі болды. Онда өткен жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды. 2015 жылы облыстық проку­ра­тура органдарының қызметі азамат­тардың конституциялық құқық­тары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдар­дың құқықтық актілерінің Конс­ти­туцияға, заңдарға және Президент Жарлықтарына сәйкестігі заң­ды­лығының сақталуына, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың қолданылуына, кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға, мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталды. Әлеуметтік-экономикалық са­­лада прокурорлар 536 тексе­рулер жүргізіп, 10 599 заң бұзушылықтарды анықтады, 793 ұсыныс енгізді, 457 заңды түсін­діру жасады, 374 наразылық қана­ғат­тандырылды. Тексеріс құжат­тары бойынша 71 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 8 014 036 912 теңге зиян шығыны өтелді, оның ішінде мемлекет пайдасына – 7 793 277 267 теңге және 1 185 234 075 теңгеге тең мүлік кері қайтарылды. Алқа қорытындысымен барлық жеке құрамға прокурорлық қадағалау қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы талаптарды басшылыққа алу, азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетті жандандыру, аза­мат­тардың конституциялық құқық­тары мен бостандықтарын, қорша­ған ортаны, кәсіпкерлікті, мемле­кеттің мүддесін қорғау жұмысын жалғастыру тапсырылды. «Егемен-ақпарат».