25 Қаңтар, 2016

Францияда 2016 жылы терроризмге қатысы бар 15 күдікті тұтқындалды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-2016 france 1АСТАНА. 25 қаңтар. Францияның полиция қызметкерлері және арнайы қызмет өкілдері жыл басынан бері терроризмге қатысы бар 15 күдіктіні тұтқынға алды. Оның бесеуі сот ісіне тапсырылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Францияда 2016 жылдың басынан бері қолға түскен 15 күдіктінің бесеуі сот ісіне тапсырылды. Лаңкестер тобының алғашқы бөлігі қауіпті аймақтарға өткені анықталған күннен бастап, полиция қызметкерлерінің назарына 1022 адам іліккен болатын. Осыған байланысты 311 адам уақытша қамауға алынып, жартысына жуығы сот ісіне тапсырылған болса, 43 күдікті арнайы құрылған сот қадағалауында», – дейді Францияның ішкі істер министрі Бернар Казнев. Бернар Казнев шекара қызметкерлеріне жұмыстарын асқан қырағылықпен атқаруды тапсырды. Себебі, қауіпті аймақтан келген лаңкестер қаза болған немесе қолға түскен тұрғындардың куәлігін қолданады деген пікірін айтты. Сондай-ақ, осыған байланысты арнайы топ құрып, бұл қызметке Еуропаның полиция қызметкерлері тартылуы қажет деген ұсынысын білдірді. Олар заңсыз жолмен жасалған куәліктерді анықтау ісімен шұғылданады. Айта кетейік, 2015 жылы 13 қарашада Париж қаласының бірнеше орындарында теракт болып, жүзден астам адам қаза тапқан. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.