25 Қаңтар, 2016

АҚШ-та толассыз жауған қардан 31 адам қаза тапты

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-01-2016 USAАСТАНА. 25 қаңтар. АҚШ-тың шығыс аймақтарында толассыз жауған қардың салдарынан 31 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті тұрғындар жол-көлік оқиғаларынан алған жарақаттары, газға уланулары және қар тазалау жұмыстары кезінде физикалық тұрғыдан артық қималдап, жүрек талмысына алып келуіне байланысты көз жұмды. АҚШ-тың бірнеше қалаларында толассыз жауған қардан мемлекеттік қызмет орындары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Осыған байланысты ел астанасы Вашингтон басшылығының қызметкерлеріне де демалыс күндері берілді. Сондай-ақ, соңғы күндері табиғаттың тосын сыйынан бірнеше мың әуе рейстері кейінге шегерілді. Айта кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ-тың 11 штатында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алғашқыда мамандар Вашингтонда жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетеді деп топшылаған. Алайда, бұл көрсеткіш кейінірек 1 метрге дейін жетті. Осыған байланысты Нью-Йорк және Нью-Джерси аймағын су басу қаупі төніп тұр. Ал Виргиния штатында 1 мыңға жуық жол апаты тіркелді. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.