25 Қаңтар, 2016

Камерунда жойқын жарылыстан 29 адам қаза тапты

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-2016-cameroonАСТАНА. 25 қаңтар. Камерунның солтүстігінде болған жойқын жарылыстан 29 адам қаза тауып, 30 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Алдын-ала болжам бойынша, 29 адам қаза тапты. Оның ішінде өзін-өзі жарып жіберген 3 жанкештінің денесі анықталды. Сондай-ақ, зардап шеккен 30 тұрғын жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді», – дейді жергілікті полиция қызметкері. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қанды оқиғаның ұйымдастырушылары бұл жолы да «Боко харам» тобының содырлары болуы мүмкін деген болжамдарын айтты. Себебі, аталған ұйым осыған дейін бірнеше рет халық көп шоғырланған жерлерде жарылыс ұйымдастырып, бейбіт тұрғындарға сан мәрте оқ жаудырған. Небәрі алты жылдың ішінде лаңкестік топтың қолынан 20 мыңға жуық адам қаза тауып, көптеген тұрғын түрлі жарақат алған. «Боко Харам» содырлар ұйымы көбіне Нигерияның солтүстік-батысында, Камерун және Чад елдерінде террорлық шабуыл жасайды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: zn.ua.