25 Қаңтар, 2016

Ақмоладағы Родина ауылында 4 үй пайдалануға берілді (фото)

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-2016-Dom 1АҚМОЛА. 25 қаңтар. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Родина ауылында «Нұрлы жол» бағдарламасымен 4 үй пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімі аталған ауылдағы қоныс тойға қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Ол жергілікті тұрғындармен бірге жаңа үйдің кілтін алған Ерлан Тасболатовтың шаңырақ шаттығының куәсі болды. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының халық тұрмысын жақсарту бағытындағы саясатының арқасында шалғай елді мекендерде де заманалық жаңа үйлерге қолжетімділік орнықты. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, отбасылық берекеге бөленіңіздер. Бүгін өз атымнан Тасболатовтың отбасына теледидар сыйлаймын», – деді облыс әкімі Сергей Кулагин. Сондай-ақ, «Родина» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр: ««Нұрлы Жол» бағдарламасымен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 14 үй пайдалануға беріледі. Бүгін осы үйдің 4-уі толық аяқталып, тұрғындар мәре-мәре болуда. Жыл аяғына дейін қалған үйлердің құрылысын аяқтаймыз», – деді. Шара барысында Иван Сауэр облыс әкімі мен журналистерді 1000 бас сауын сиырына арналған мал шаруашылығы кешені құрылысының барысымен таныстарды. Жобалық құны 1 миллиард 10 миллион теңге тұратын бұл нысан үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жұмысқа қосылады деп күтілуде. Жаңа құрылыстар қарқын алған шаруашылықта өскелең талаптарға толық сай келетін астық терминалы салынып жатқанын көрдік. Сиымдылығы 20 000 тонналық терминалда астықты тазалау, кептіру, сақтау және нарыққа шағарудың кластерлік жүйесі қамтамасыз етіледі. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz. 25-01-2016-Dom 2 25-01-2016-Dom 3