25 Қаңтар, 2016

Бразилияда саяхатшылар кемесі апатқа ұшырады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-2016 brazil katerАСТАНА. 25 қаңтар. Бразилияның Сан-Паулу штатында саяхатшылар кемесі аударылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға кезінде «Қара моншақ» катерінде 20 саяхатшы және кеме капитаны болған. Мамандардың айтуынша, биік толқындардан қорыққан саяхатшылар катердің бір бөлігіне қарай жиналып алған. Осы сәтте кеме аударылып кеткен. Құтқарушы топ, апат орнынан 19 адамды аман алып қалғанымен, 41 жастағы Элаине Кристина Верне мен 4 жасар ұлы шыны кабинаның қоршауында қалып, дер кезінде сыртқа шыға алмай, мерт болды. Катер иесі Сезар Даниэль Дуарте «Қара моншақ» 22 адамға дейін тасымалдай алады, осыған байланысты саяхатшыларды шектеулі мөлшерден артық алған деген болжам негізсіз деп ақталды. Құқық қорғау органының қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуде. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: regnum.ru.