25 Қаңтар, 2016

Ақмолалық балуан Қазақстан чемпионы атанды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-01-16-akmola-borets-1

КӨКШЕТАУ. 25 қаңтар. Ақмола облысының балуаны Батухан Шырақпаев еркін күрестен Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «Ақмола медиа орталығының» дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақмолалық боз кілем шебері 61 килоға дейінгілердің белдесуінде ешкімді шақ келтірмеді. Чемпионат жалпы грек-рим, еркін және әйелдер күресі түрлері бойынша өткізілді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам спортшы келді. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасындағылар атап көрсеткендей, спортшылар 2016 жылы Олимпиадаға лицензия жеңіп алу жолында халықаралық турнирлерге қатысады. Балуандар сайыстарына Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Моңғолия және Беларусь елдерінің халықаралық дәрежедегі төрешілері қазылық етеді. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола медиа орталығы.