25 Қаңтар, 2016

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-2016-elbasy 01АСТАНА. 25 қаңтар. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесу барысында Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл және мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері қозғалды. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.