25 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысындағы тікұшақ апатына кінәлі анықталды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25.01.2016 TAR-1 ТАРАЗ. 25 қаңтар. Жамбыл облысында тікұшақтың құлау фактісі бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жамбыл облысында Ми-2 тікұшағының құлау салдарынан зардап шеккен ұшқыштың есімі белгілі болды. Ол тікұшақ тиесілі компания директоры Валерий Михин  екендігі анықталды. Естеріңізге сала кетейік, бұл «Тараз Жаңа Әлем» компаниясы болатын. Сонымен қатар біздің тілшімізге белгілі болғандай, зардап шеккен азамат қазіргі кезде жан сақтау бөлімінде жатыр. «Науқастың халі нашар. Ол шок алған. Қазіргі кезде барлық керекті іс шаралар жасалуда»,  деп медициналық мекемедегілер мағлұмат берді. Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда кешкісін, болжаммен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы тікұшақтың құлағындығы жөнінде ақпарат түскен болатын. Артынша бұл ақпарат расталды. Сонымен қатар белгілі болған тағы бір жайт, Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар жұмыс жасауда. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz