25 Қаңтар, 2016

Оңтүстікте құрылыс материалдарының көбісі шетелден әкелінеді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25.01.2016 OQO-2

ШЫМКЕНТ. 25 қаңтар. Шымкентте өткен кәсіпкерлер форумында құрылысқа пайдаланылатын материалдардың 80 пайызы шетелден тасымалданатыны айтылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Бұл – жақсылық емес. Ал, отандық өндірушілер шетелдік құрылыс материалдарының орнына сапалы әрі бағасы арзан қандай өнім ұсына алады? Кәсіпкер Гүлнар Жолдыбаева иілгіш тас өндіруімен айналысады. Технологиясын Мәскеуден үйреніп келген кәсіпкер иілгіш тастың 40 градус аяз мен 50-60 градус ыстыққа төзімді, салмағы жеңіл, өртеніп кету қаупі жоқ екендігін айтады. Бағасы шаршы метріне – 2500 теңге. Ал, осыған ұқсас түркиялық өнім 1400 мың теңге болса, Ресейдікі 10 мың теңге, Германия материалы шаршы метріне 60 доллардан айналады. Яғни, отандық тауар өндірушілерге қолдау болса шетелдік өнімге мықты бәсекелес бола алады. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz