25 Қаңтар, 2016

Алматыда «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» өтеді

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
К-2АЛМАТЫ. 25 қаңтар. Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы мен  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  2016 жылғы 26 қаңтар күні, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өтетін «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» атты іс-шара өткізбек. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінгі, екі ел арасындағы қарым-қатынас даму тарихындағы жақсы кезеңдерді бастан кешіп отырған кезде, екі ел халықтарының  бірін-бірі одан әрі тануға деген ниеттері күннен-күнге артуда. Осыған байланысты, Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» атты іс-шара өткізбекші. Ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаты – қазақстандық жұртшылыққа қытайдың шынайы дәстүрлі мәдениетін көрсету, екі елдің бауырлас халықтары арасындағы өзара достық пен түсіністікті әрі қарай нығайту. Мәдениет күні бағдарламасы: Қытайдың Тяньцзинь қаласының өнер қайраткерлері, қытай халық әндерін, музыкаларын, Пекин операсын және Қытайдың басқа да жергілікті музыкалық драмаларын орындайтын І-ші мемлекеттік дәрежедегі Ли Хун, Ван Хумина, Чжао Цзин, Ван Бинь секілді әртістердің қатысуымен өтетін концерттен, сондай-ақ, фокус және акробаттық қойылымнан, қарапайым қытайлықтың  күнделікті тұрмысы, қытай қалалары мен ауылдарының қарқынды өсуі жайлы суреттейтін 60 фотоны қамтитын Tempo of China фотокөрмесінен, қытай көркем фильмінің көрсетілімінен тұрады. Іс-шара Қытайға және қытай мәдениетіне қызығушылық танытқан барша қауымға арналады. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.